"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Қаракөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Қаракөл ауылының негізгі орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ауғанның отты жалыны»

24.02.2023

"Руxани жаңғыру-болашаққа бағдар"атты апталық аясында өткен"Ауғанның отты жылдары" атты тәрбие сағаты   Сыныптар: 5-9     Жауапты: Сынып жетекшілер

Тақырыбы: «Ауғанның отты жалыны»

Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;

Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Слайд, видеолар, ардагерлердің суреттері.

«Ауғанның отты жалыны» атты кездесу кешін өткізілді. Бұл кешіміздің мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

Ақпан айында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 30 жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12-желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті 10 жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.

Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20-ның арасындағы өрімдей жастар, бас-аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашан да бас иеміз.

Ерлік - жан-дүниенің ұлы қасиеті дегендей өмірінің өлшеулі бір бөлігі жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызы мен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымыз аман болсын.

 «Мен көрген соғыс» атты бейнебаян  көрсетілді

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.
Аяулы ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.

 

Просмотров: 855


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст