«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы сынып
сағатына
АҚПАРАТ
Сабақтың
мақсаты:Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық
құндылықтарды жаңғырту.Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту,жас ұрпақ
санасына,туған халқына деген құрмет,сүйіспеншілік,мақтаныш сезімін
ұялату,ұлттық рухты сіңіру 2017 жылы Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру
бойынша сынып сағаты өткізілді. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол
әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Сынып жетекшілер сыныптағы оқушылардың жас
ерекшелігіне қарай әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып дөңгелек үстел,
пікірталас, тренингтер, викториналық сұрақтар өткізді.«Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» мақаласының алты бағытына ерекше тоқталып, маңызды
тұстарын талқылады.
Мақалада біздің
еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай
қадам басатынымыз, бұқаралық санамызды қалай өзгерту керектігін Елбасымыз тайға
таңба басқандай даралап, саралап түсіндіріп берді. Табысқа жетудің негізгі
кілті ол-құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен жоғары биікке қоятын ұлт қана
жететіндігін айтты.
"Болашаққа
бағдар:рухани жаңғыру"бейне материал,презентация көрсетілді.Оқушылар
топтық жұмыс орындау кезінде, көрсетілген бейнематериалды талдап, әр топқа
берілген тақырыптарға байланысты постер жасап, қорғады. Рухани жаңғыру
тақырыбына эссе жазылды. Әр топ
жазған жұмыстарын оқып, топтар бірін бірі бағалады. Ең үздік
эссе жазған топ марапатталды. 5-9 сынып аралығында сурет көрмесі
өткізілді." Алма ағашы"кері байланыс арқылы оқушылар сабақтан алған
әсерін көрсетті. Оқушылар рухани жаңғырудың- табысты ел болуымыздың кепілі
екенін білді.
Тәрбие сағаты "Сен де
бір кірпіш дүниеге,Кетігін тап та бар қалан"-Ұлы ақын Абай атамыздың
сөзімен аяқталды.