Ақпарат
Вишневка негізгі мектебімізде “Менің тұңғыш Президентім”тақырыбы бойынша 5-9 сыныптар аралығында ашық тәрбие сағаты жүргізілді. Н.Ә. Назарбаевтің өмір жолы, туып өскен, оқып-білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру мақсатында презентация көрсетілді.
Блум таксономия әдісі арқылы оқушылардың білімдері тексерілді. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге,ержүректілікке, азаматтыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында бейнематериал көрсетілді. РҚ маңызды оқиғаларын еске түсіріп ,оқушылар датамен жұмыс жасады. Егер мен Президент болсам- тақырыбына шығарма жазылды,ең үздік жұмыс марапатталды. Топпен жұмыс ;Президент тұлғасына суреттеме атты кластер жасап, қорғады.