16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы
орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы
16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау
алған тәуелсіздігімізге 26 жыл толды.
Тарихқа көз жіберетін болсақ,
Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың
ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат
құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс
халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін
ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен
төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел
ретінде танылғанына міне жиырма алты жыл толып отыр.
Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі
керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың
рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың
мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші
ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр.
Тәуелсіздік
– ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық.
Олай болса, өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық
туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.Біздің
мектепте сынып жетекшілер оқушыларға
ашық тәрбие сағат өткізілді.
Сонымен, өз ойымды қорытындылай келсем,
біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік,
енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын
жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлдеп жайнауына,
демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет