"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Қаракөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Қаракөл ауылының негізгі орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғажайыпқа толы - жаңа жыл! 2017 - 2018 оқу жылы

08.01.2018

        Ғажайыпқа

толы - жаңа жыл!  2017 - 2018 оқу жылы


ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті қонақтар,

әріптестер, келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын, береке, молшылық,

бейбітшілік, тыныштық жылы болсын!

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа нұр

Жасыл шырша жанында

Қол ұстасып тұрайық

Өлең айтып, би билеп

Мерекені тойлайық.

Бір музыка ойналады ( сұлтанды қарсы алатын әуен)

Музыка ойналады: шығыс әнімен сұлтан ортаға шығады.

Сұлтанны сөзі:

Сұлтан: Бұл не жиналыс? Мен қайда

тап болдым?

ЖҮРГІЗУШІ: Иа, сұлтан! Сіз Жаңа жыл

мерекесіне тап болдыңыз

Сұлтан: Мен қалыңдық іздеп жүрген

Шах сұлтанмын. Үйленгім келеді!

ЖҮРГІЗУШІ: Бірер уақыттан кейін

бүгінгі мерекенің басты қонағы Аяз ата келеді. Оның айдай сұлу немересі бар!

Сізге ұнайды деп ойлаймыз!... күтейік!

Сұлтан: Қайдан келген қыз? Өзі сұлу

ма? Ақылы көркіне сай ма? Қызығып кеттім ғой! Кәне, жылдам көрсетші...

көрсетші!

ЖҮРГІЗУШІ: Суық, қарлы Солтүстіктің

аруы ғой!

Сұлтан: Шыдамым таусылды! Әкеліңдер!

Көрсетіңдер! Барыңыздар да, алып келіңіздер!

Музыка ойналады (мыстан кемпірдің келуіне жағымсыз әуен орындалады)

Мыстан кемпір: Солтүстіктің қызын

шақырдыңдар ма, міне солтүстіктің қызы. Мен келдім! Тойға дайындалыңыз!

Сұлтан: Құдай - ау, мынау не дейді?

Жүрегі - і - і - ім!

ЖҮРГІЗУШІ: Жоқ, мыстан! Сұлтанның

қалыңдығы Ақшақар! Олар Аяз Ата екеуі келе жатыр.

Сұлтан: Әлгі сұлу қыздарың осы ма?

Бұл не қылған сұмдық?!! Дереу ұстап алып алдыма алып келіңдер!!!

ЖҮРГІЗУШІ: Сұлтаным бұл солтүстіктің

қызы емес, бұл жалған айтып тұр.

Сұлтан: Басын алыңдар!!! жазалаңдар

бұны.

Уәзірлер оларды сұлтанның алдында бас игізеді.

Мыстан: ой мені кешіре көріңіз! мен

сіздерге арнап өз өнерімді көрсетейін! Достар, маған көмектесіңдер! Өтінем!

Ұстаздар биі: Оппа гангнам стайл


 

 

Жүргізуші:

Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ дастарқан жапқандай

Халық біткен қарбалап

Қонақ күтіп жатқандай

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде - жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

- Аяз ата мен Ақша Қардың келетін уақыты болып қалды... Олар келмей жатыр.

Мүмкін, біз дауыстап шақырсақ келетін шығар. Достар, қәнекей, Аяз ата мен Ақша

Қарды дауыстап шақырайық!

Достар: Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата,

Ақша Қар!

(Музыка ойналады)

( Аяз ата мен Ақша қар келеді)

Аяз ата:: Амансыңдар ма, ұлдарым?

Амансыңдар ма, Қыздарым?

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Керемет бір ән тыңдап

Келіп тұр аз дем алғым.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата,

Ақша қар! Келгендеріңіз қандай керемет болды! Енді кешіміз әсемдене түседі! Ән

де шырқалады! Би де биленеді!

 Аяз ата Байқасаңыз бізде

Ертегілер әлемінен келген Шығыстың сұлтаны бар. Ол Ақшақарға үйленсем дейді.

СҰЛТАН: Иа Аяз ата, шынымен

немереңіз сұлу екен! Ақшақарға үйленуге рұқсат беріңіз!

АЯЗ АТА: Менің үш шартым бар

Біріншісі:Мен бұл мерекеге Жаңа Жылмен бірге келе жатқанмын. Алдымыздан Мыстан

шығып, Оны алдап өзімен алып кетті.  Жаңа

Жылды Мыстаннан құтқарып, тойға алып кел.

СҰЛТАН: Жарайды, тапсырмаңызды

орындаймын. (жүгіріп, кетіп қалады)

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар!

Сұлтанымыз Жаңа Жылды алып келгенше жайғасыңыздар! 5-9 сынып оқушыларының

өнерлерін тамашалаңыздар!

АЯЗ

АТА(мадақтап отырады, Ақшақар кәмпиттерін таратады!

Ойын «Көзді жұмып билеу»


АЯЗ АТА(мадақтап отырады,

Ақшақар кәмпиттерін таратады!

(жылдам музыка ойналып, Сұлтан ит жылын әкеледі)

СҰЛТАН: Міне, Аяз ата! Мен

бұйрығыңызды орындадым! Жап - жаңа Ит жылын алып келдім!


ЖҮРГІЗУШІ:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Ит жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғансын жаңа уақыт! Қош келдің Жаңа Жыл! Қадамың құтты болсын!

ЖАҢА ЖЫЛ:

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,

Жаса, жаса достық бірлік туыстық.

Құттықтайық жаңа жылды өнермен,

Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

ЖҮРГІЗУШІ: Жаңа жыл , біз өткен

Тауық  жылын жақсылап шығарып салайық.

Олар бизге кетпес бұрын  өз өнерлерін көрсетіп

кетпекші. Ендеше, Тауықтарды қарсы алайық!

БИ: тауықтар биі

ЖҮРГІЗУШІ:  Хор:Қош болыңдар!!!

ЖҮРГІЗУШІ - Ал енді, бүгінгі сыйлы

қонақтарымыз ата - аналармен бір ойын ойнап жіберейік!

Ойын: Жіппен

ойын

Сұлтан:

Аяз ата келесі  шартыңызды   айтыңыз

Аяз

ата : Мен, ауыл тұрғындарының өнерлерін тамашалағым

келіп тұр. Келген  қонақтар өнерлерін

ортаға салсын.

 

ЖҮРГІЗУШІ:  Ендеше, Қуаныш Ш.О ата-аналырының өнерлерін

тамашалаңыздар!!

 

ЖҮРГІЗУШІ:  Бастауыш сынып оқушыларының ата-анарының

өнерлерін тамашалаңыздар!

 

Ойын:

Dance battle (Флеш  моб) 10 адам екі

топқа бөлінеді. Командерлерінен кайталайды.

 

ЖҮРГІЗУШІ: Купешева

Анель үнді биін  назарларыңызға ұсынамыз.

Сұлтан: Аяз

ата келесі шартыңызды айтыңыз.

Аяз ата:  Мында шығыс елінен келген қонақтарыңыз және

жануарлар бар екен. Қонақтарымыздың өнерлерін тамашалайық.

ЖҮРГІЗУШІ: Костюм қорғау

 

Ойын:

Газет үстінде билеу


АЯЗ АТА: Ал

қарақтарым Уәдемді орындап Сұлтанға немереме қосылуға рұқсатымды беремін! Бақытты

болыңдар! Енді Ақшақар екеуімізге тағы да серік қосылды! Жарайды! Бізді күтіп

отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайық. Сендерге көп рахмет. Өнерлерің

өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

 

ЖҮРГІЗУШІ:

Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.

Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.

Келе жатқан жылымызды көтеріңкі күймен қарсы алайық!!!!

Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст