Текст
12.06.2026
Бүгін, 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні! Туымыз — тұғырымыз, Елтаңбамыз — еңсеміз, Әнұранымыз — айбынымыз!
Қаракөл ауылының негізгі орта мектебінің оқушылары “Біздің Рәміздер” тақырыбында суреттер сызды.
Бұл күн — егемендігімізді ұлықтайтын, отаншылдық рухты асқақтататын ерекше мереке. Мектебіміздің ұжымы мен оқушылары өз Отанының рәміздерін әрдайым мақтан тұтады және қастерлейді. Бейбіт аспанымыздың астында көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін!