"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Қаракөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Қаракөл ауылының негізгі орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білімнің басты тұлғасы – ұстаз»: Ғани Бейсембаев қазақ ұстаздарына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

09.11.2024

🔷 Мұғалімдердің тамыз саммиті аясында ҚР Білім министрі мен еліміздің 20 облысы әкімінің орынбасарлары арасында кездесу өтті. Білім беруді дамытудың негізгі міндеттері мен перспективалары талқыланды.

❗️Ғани Бейсембаев білім беру саласы әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде Мемлекет басшысы тарапынан айтарлықтай қолдауға ие болғанын атап өтті.

🏢 Инфрақұрылымдық мәселелерді шешу үшін жаңа мектептер салу, заманауи пән кабинеттерін алу, жұмыс істеп тұрған білім беру ұйымдарын жөндеу сияқты бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

«Білім берудің басым міндеті – процестің сапасын арттыру. Алғаш рет «Білім сапасы» тұжырымдамасы заңнамалық тұрғыдан бекітіліп, Білім сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесінің жаңа моделі қалыптастырылды. Бірақ білім берудегі басты тұлға – мұғалім, ал бүкіл қоғамның табысты болашағы оның кәсіби шеберлігіне байланысты. Мұғалімдердің қолайлы жағдайда жұмыс істеуі маңызды, бұл үшін өңірлер жергілікті заңдарды дұрыс орындауы керек. Жаңашылдығы мен шығармашылығы балаларымыздың білім сапасы мен әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін мұғалімдерді қолдауға ерекше назар аудару керек», - деді министр.

⚡️ Мұғалімдерге деген көзқарасты түбегейлі қайта қарап, олардың қоғамдағы рөлін күшейту қажеттілігіне тағы да назар аударды. Ғани Бейсембаев оларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Бұған еңбек жағдайын жақсарту, біліктілікті арттыру және олардың еңбегін студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің табыстылығының негізгі факторы ретінде тану жатады.

📁Сонымен қатар басқарма басшысы өткен жылдан бері барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбиесі бағдарламасы» сәтті жүзеге асырылып жатқанын еске салды. Биылғы жылы білім беру бағдарламасына әділ мемлекет, саналы азамат және озық ұлттың басты құндылықтары енгізілді.

📌Сонымен қатар, өңірлер «Білім берудегі 1000 өзгеріс көшбасшысы» бағдарламасы аясында балалардың құқықтарын қорғау, білім беру сапасын, қоғамдық тамақтануды жақсарту, мектеп пен ата-ананың өзара іс-қимылын күшейту қажет.

Просмотров: 58


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст